Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 қараша 2021

579

Жаңалықтар

Жезқазған: «Диар» фаст-фуд өнімдері сертификат жаңартты

Жезқазған қаласындағы «QMDB Halal» стандартына сай бірден-бір кәсіпорын «Диар» фаст-фуд өнімдері сертификат жаңартты. Қасиетті жұма намазынан кейін Жезқазған қаласының бас имамы Омаров Нұрперзент Еламанұлы «Namad» кәсіпорны басшылығына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. «Namad» кәсіпорнына тиесілі «Диар» фаст-фуд өнімдері «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.

Уақыттың тығыздығы мен өмір ағысының жылдамдығына қарай адамдар да тез тамақтануды әдетке айналдырған. Сондықтан да болар, фаст-фуд өнімдері көпшілікке таңсық ас емес, керісінше уақыт тапшылығына қарамастан, тез дайындалатын тағамдардың бірі. Егер сіз жылдам қарқынмен жүруге дағдыланған болсаңыз, «Диар» фаст-фуд дәмханасы қарапайым, бірақ құнарлы, шариғат және халал стандарт талаптарына сай тағамдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Кәсіпорын өндірісі мен өнімдері «Халал Дамудың» технолог мамандары тарапынан тексеріліп, жергілікті өкіл Ысқақ Абдрахмановтың тікелей қатысуымен ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді.

Халал өнімнен дәм татуға асыққан қала қонақтары мен тұрғындарын «Диар» фаст-фуд дәмханасы Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 15 мекен-жайы бойынша күтеді.

Бөлісу: