Жезқазған: «Happy cake» кондитерлік өнімдері сертификатталды
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы «Happy cake» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
«Халал Даму» мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде аталмыш кондитерлік өнімдер «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай танылды.
Тексерістің оң нәтижесінен кейін, Жезқазған қаласындағы «Jez Cake» кәсіпорнына халал сертификаты табысталып, жергілікті имам кәсіпкерге халал өнімдерді дамытуға қосқан үлесіне алғысын білдірді.
Жезқазғандағы «Happy Cake» өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 03.98.2022~02.08.2023 ж