Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 шілде 2022

61

Жаңалықтар

«Жигалма» сусын өндіруші кәсіпорын тексерілді

Алматы қаласында орналасқан алкогольсіз сусын өндіруші «Жигалма» кәсіпорыны тексерілді. Ревизорлық бақылау шараларын «Халал Дамудың»  жергілікті технологы Әсел Сыдық орындады.

«Буратино»  және «Компотай» алкогольсіз сусындарымен танылған кәсіпорын 1940 жылы құрылған. Лимонад өндірісі —күрделі технологиялық процесс. Сусындар ешқандай консервантсыз,  табиғи қанттан дайындалады. Барлық шикізат тікелей Бельгиядан тасымалданады.  Өнімнің негізгі компоненті саналатын су бірнеше этапты фильтрлеуден өтеді.  Тексеріс барысында анықталғандай,  кәсіпорын аумағында бекітілген халал талаптары толықтай орындалуда»,  —  деп хабарлайды Әсел Сыдық.

Бөлісу: