ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 221,3 МЫҢ ТОННА ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІ ИМПОРТТАЛДЫ
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан 369,2 млн долларға 221,3 мың тонна ет және ет өнімдерін импорттады. Осы кезеңдегі экспорт 181 млн долларға 66 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Осы санаттағы өнімдердің барлық импортының жартысы ет және құс етінің қосалқы өнімдері: 10 айда жалпы құны 147,8 млн долларды құрайтын 110,5 мың тонна құс еті импортталды, ал экспорт 58,3 млн долларды, яғни 35,3 мың тоннаны құрады.
Бұл ретте сыртқы нарыққа сиыр мен қой етінің жеткізілімі импорттан асып түседі. 10 айда жаңа сойылған немесе салқындатылған ірі қара мал етінің экспорты 17,3 мың тоннаны (72,7 млн доллар), мұздатылған ет – 286 тоннаны (1,5 млн доллар) құрады.
13,3 мың тонна (45,3 млн доллар) ірі қара мал еті (жаңа, салқындатылған немесе мұздатылған) экспортталды, импорт – 27 тонна ғана (161 мың доллар).
Жылқы еті мен шошқа еті экспортталмаған, импорт тиісінше 1,5 мың тонна (4 млн доллар) және 6 мың тонна (12,4 млн доллар) болды.
Ет өнімдерімен өзімізді қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен күйінде қалып отыр. 10 айда республикаға 164,1 млн долларға 92,4 мың тонна импортталды, жекелей тоқталсақ олар негізінен шұжық өнімдері – 112 млн долларға 39,4 мың тонна, консервілер – 48,2 млн долларға 50,9 мың тонна.