Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 қыркүйек 2025

3

Жаңалықтар

ӨЗІНЕН ТЫҢАЙТҚЫШ БӨЛЕТІН БИДАЙ ТҮРІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Америкалық (Калифорния университеті) ғалымдар өздігінен тыңайтқыш өндіре алатын бидай сортын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы sfera.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Мұндай жаңалық өз кезегінде күллі әлем бойынша ауа мен судың ластану деңгейін едәуір төмендетеді. Бидайды өндіруге бүкіл әлемде өндірілетін азотты тыңайтқыштар мөлшерінің шамамен 18% -ы кететіні белгілі, ал өсімдіктер әдетте азоттың 30-50%-ын ғана тұтынады, ал қалғаны су қоймалары мен атмосфераға таралады, осылайша қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Бұған қоса, фермерлердің тыңайтқыштар үшін шығындалатын қаржысын көп үнемдеуге мүмкіндік бермек. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары әзірлеген өсімдіктер, тіпті, химиялық заттардың кейбір түрлерін артық шығаруы үшін гендік модификацияның (генді өңдеу немесе редакциялау әдісі) арнайы технологияларын қолданды. Топыраққа осындай заттар түскен кезде химиялық реакция іске қосылады, нәтижесінде тыңайтқыш қалыптасады.


https://islam.kz/kk/news/gylym/ozinen-tynaitqysh-boletin-bidai-turi-shygaryldy-22274/#gsc.tab=0 

Бөлісу: