
АЛМАТЫ ОБЛ.: КӘСІПОРЫНДАР ӨНДІРІСІ ҚАДАҒАЛАНДЫ
Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық тексеріс жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкілдер Жанәбіл Жұмабеков пен Өміржан Терлікбаев та қатысты.
Аудит барысында «Алатау құс». «Алель Агро», «Наурыз Агро» құс фабрикалары, «Адал ас Алматы», «Прайм Агро сервис», «Первомайские деликатесы» шұжық цехтары, «Алаш ет» ет дүкені секілді бірқатар кәсіпорындар тексерілді.
Тексеру барысында өндіріс орындарындағы шикізаттың шығу тегі, құжаттардың талапқа сәйкестігі, цехтардағы санитарлық-гигиеналық жағдай мен халал стандарттарының сақталуы қатаң қадағаланды. Әсіресе, шұжық өнімдері мен құс етін өндіретін кәсіпорындарда қосымша қоспалардың құрамына ерекше мән берілді.
Сонымен қатар, жұмысшыларға халал талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өнімнің адалдығын қамтамасыз ету бағытында ұсыныстар берілді. Анықталған кейбір ескертпелер бойынша кәсіпорын иелеріне нақты тапсырмалар беріліп, белгіленген уақыт ішінде түзету енгізу қажеттігі ескертілді.