Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

02 октября 2025

33

Новости

АТЫРАУДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Тілектес Атырау облысына арнайы іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, «Халал – аманат пен адалдық жолы» атты аймақтық семинар өткізді. Семинарға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға халал стандарттарының маңызы, отандық нарықтағы талаптар мен қадағалау жүйесінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибелік кеңестер берілді.

Айбек Асқарбекұлы халал саласының дамуы қоғамның рухани әрі экономикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Ол: «Халал – тек тағамға қатысты ұғым емес, ол тұтынушыға адал қызмет көрсету, сапаға жауапкершілікпен қарау дегенді білдіреді», – деді.

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да сөз сөйлеп, халалдың шариғаттағы орны мен қоғамға тигізер пайдасын атап өтті. Ол жергілікті кәсіпкерлерді адалдық пен сенімділікті басты қағида етіп ұстануға шақырды.

Іс-шара соңында бірнеше кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталып, алдағы уақытта аймақта халал индустриясын дамыту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланды.

Поделиться: