.jpeg)
АТЫРАУ: ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Атырау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді. Аудит жұмыстарына Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті маманы Ақылбек Амангелдиев те қатысты.
Тексеру барысында қоғамдық тамақтану орындарының ас мәзіріндегі өнімдер мен тағамдардың халал стандарттарына сәйкестігі қадағаланды. Ас дайындау процесінде қолданылатын шикізаттың шығу тегі, сақтау шарттары және өндірістік гигиена талаптары да назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар кәсіп иелеріне халал талаптарын сақтау, тұтынушы алдындағы жауапкершілік пен адал еңбектің маңызы түсіндірілді. Бақылау шаралары барысында кейбір дәмханаларда анықталған бірқатар ескертулер бойынша орындарға тиісті нұсқаулықтар беріліп, олқылықтарды түзету үшін уақыт белгіленді.
«Халал Даму» өкілдері мұндай шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін айтып, тұрғындарға сенімді әрі адал өнім ұсыну басты мақсат екенін жеткізді.