Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

15 января 2025

19

Новости

АҚМОЛА: «МАКИНСК» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит «Макинск» құс фабрикасында халал стандарттарына сәйкестікті бағалау мақсатында айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында өндіріс процесінің барлық кезеңдері – құс сою, өңдеу, қаптау және сақтау – жан-жақты қадағаланып, халал талаптарына сәйкестігі егжей-тегжейлі тексерілді. Сондай-ақ, өндірістік процестің әрбір сатысын сараптап, қызметкерлердің халал стандарттары туралы білім деңгейін бағалады. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын технологиялық жабдықтардың стандарттарға сәйкестігі назарға алынды. Және де қасапшыларға мал бауыздау және ет өңдеудің шариғи және практикалық аспектілерін түсіндірді.

Аудит нәтижесінде фабриканың халал стандарттарына сәйкестігі туралы кешенді талдау жасалып, өндіріс тиімділігін арттыру және стандарттарды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.

Поделиться: