Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

15 января 2025

12

Новости

АҚМОЛА: «САДОВОЕ» СҮТ ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

Ақмола облысындағы «Садовое» сүт зауытында халал стандарты бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Мейіржан Бауыржанұлы мен өкіл Науан Муталов орындады.

«Садовое» сүт зауытында жүргізілген сертификаттау жұмыстары барысында халал стандарттарына сәйкес әрбір кезең мұқият тексерілді. Шикізаттың қайдан жеткізілетінін, оның сапасын және өндіріс құрал-жабдықтарының халал талаптарына сай болуын бақылап, барлық процестердің шариғат талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылды.

Сондай-ақ, зауыт қызметкерлерімен кездесіп, халал стандарттарының маңызы мен талаптары туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және де зауыт қызметкерлеріне халал стандарттары бойынша оқыту ұйымдастырылып, жұмыс процесін жақсарту үшін ұсыныстар берілді. Кәсіпорынға өнім сапасын әрі қарай жетілдіру және халал талаптарына сай үздіксіз жұмыс істеу үшін нақты нұсқаулықтар ұсынылды.

Сертификаттау жұмыстарының нәтижелері алдағы уақытта қорытындыланып, зауыттың халал стандартына сәйкестігі ресми түрде расталмақ.



Поделиться: