Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

15 января 2025

11

Новости

АҚТӨБЕ: ҚАСАПШЫЛАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе облысындағы бірнеше қасапшыға «Мал бауыздау және ет өңдеу» тақырыбында семинар өткізіліп, қасапшы куәлігі табысталды. Семинарда халалдың жергілікті өкілі Алмат Амангелдіұлы мен мешіт ұстазы Досбол Нұрболұлы дәріс оқып, халал стандарты мен шариғат талаптарын түсіндірді.

Семинар барысында қасапшыларға шариғат талаптарына сәйкес мал бауыздаудың реттілігі мен халал стандартының маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Алмат Амангелдіұлы өз сөзінде халал стандарттарының мұсылман қауымы үшін маңызды екенін және бұл талаптарды сақтаудың жауапкершілігі жайлы атап өтті. Ал Досбол Нұрболұлы шариғат бойынша мал союдың үкімі, тазалық қағидалары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына практикалық жаттығулар өткізілді. Қасапшылар мал бауыздау үдерісіндегі халал стандарттарының барлық талаптарын орындау бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, олардың халал талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге лайықты екені расталды.


Поделиться: