ПЕТРОПАВЛДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
«Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкілі Мақсат Аманжолұлы Петропавл қаласындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізуде.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі тексеріліп, өндіріс барысы егжей-тегжейлі бақыланды. Мамандар шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық кезеңдердің шариғат талаптарына сай болуын назарға алды. Сонымен қатар, өндірістік цехтардағы тазалық деңгейі, құрал-жабдықтардың жағдайы және қызметкерлердің халал стандарттары бойынша білім деңгейі қарастырылды.
Сонымен қатар, мамандар кәсіпорын басшыларымен және қызметкерлерімен кездесіп, халал сертификатының маңыздылығы, оның талаптарын сақтау жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, туындаған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы кеңестер ұсынды.
Аудит жұмыстарының нәтижесінде бірқатар ұсыныстар жасалып, кәсіпорындардың халал талаптарын жетілдіру бағытындағы шаралар талқыланды.