Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

22 мая 2025

15

Новости

АҚМОЛАДА АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлының Ақмола облысына іс-сапары барысында жергілікті бірқатар өндіріс орындарында жоспарлы бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Аудит шеңберінде шұжық және кондитерлік цехтардағы өндіріс процесі, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай және қойма, сақтау жүйелері тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Науан Муталов та қатысты.

Қасапханаларда мал союдың шариғатқа сай жүргізілуі, құрал-жабдықтардың тазалығы мен жұмысшылардың діни талаптарға сай әрекет етуі назарға алынды. Қоғамдық тамақтану орындарында тағам әзірлеу барысы, қызметкерлердің халал стандарттарын сақтау деңгейі мен дайын өнімдердің тұтынушыға ұсынылу тәртібі мұқият қадағаланды.

Сонымен қатар, ет дүкендері мен жартылай фабрикат өндіруші кәсіпорындардағы өнімдердің таңбалануы, тасымалдау мен сақтау ережелері де тексерістен өтті. Аудит нәтижесінде бірқатар нысандардың халал стандарттарына сай қызмет көрсетіп жатқаны анықталса, кейбір мекемелерге стандарттарды жетілдіруге бағытталған әдістемелік нұсқаулар мен ескертулер берілді.

Поделиться: