Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

22 мая 2025

20

Новости

ЖЕТІСУ: «АЛТЫН ҚАСЫҚ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Жетісу облысындағы «Алтын қасық» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті өкіл Мұхаммед Ордыбай өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорнның халал талаптарына сәйкестігін растады.

Сертификаттау барысында кәсіпорында қолданылатын барлық шикізат пен көмекші құралдардың құрамына, жеткізушілеріне және олардың шыққан тегіне мұқият талдау жүргізілді. Өндіріс цехтарындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу деңгейі, қызметкерлердің халал стандарттары бойынша біліктілігі және жұмыс процесінің әр кезеңі жан-жақты тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша, «Алтын қасық» кәсіпорнының жартылай фабрикат өнімдері халал стандарттарына толық сай келетіні анықталды. Бұл сертификат кәсіпорынның тұтынушыларға діни тұрғыдан таза әрі сапалы өнім ұсынуға дайын екенін дәлелдейді.

Сонымен қатар, «Халал Даму» мамандары кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарын сақтау бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта да талаптардың тұрақты түрде орындалуы қажеттігін ескертті.

Поделиться: