Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

22 мая 2025

13

Новости

ТАЛДЫҚОРҒАН: ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА АУДИТ

Талдықорған қаласындағы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Abai» шәйханасы, «Балшекер», «Нарат», «Party food» дәмханалары, «Сірне.kz» қымызханасы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Мейіржан Бауыржанұлы мен Мұхаммед Ордыбай орындады.

Аудит барысында аталған нысандардағы тағам дайындау процесі, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай және қызметкерлердің халал стандарттарын сақтау деңгейі жан-жақты тексерілді. Әрбір қоғамдық тамақтану орнында тағам өнімдерінің шариғат талаптарына сай дайындалуы мен ұсынылуы – басты назарда болды.

Тексеру нәтижесінде, кәсіп иелеріне кейбір техникалық және ұйымдастырушылық тұстар бойынша ескертулер мен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, халал талаптарының маңыздылығы мен оның тұтынушы сеніміне тікелей әсері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Айлық аудит жұмыстары «QMDB Halal» сертификатына ие нысандардың тұрақты бақылауда болуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, халал сапасының жоғары деңгейде сақталуына бағытталған. «Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да осындай тексеріс шараларын жалғастырып, тұтынушыларға сенімді әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынылуын қамтамасыз етуді көздейді», – дейді маманымыз.

Поделиться: