Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

23 мая 2025

39

Новости

ЖАМБЫЛ: 13 ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы шұжық цехтарында айлық аудит жүргізілді. Атап айтқанда, «Best Asian Trade», «Altyn Sapa», «Марьям», «Пазиев», «Сатыбалды», «Касымов», «Рахметбаев», «Мясной мир», «Тахир», «Иштаев», «Каракесеков», «Касымов М», «Дадабаев» кәсіпорындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.

Тексеру барысында кәсіпорындардың шариғат талаптарына сай өндіріс жүргізуіне, өндірістік цехтардың тазалығы мен құрал-жабдықтарының халал стандартқа сәйкестігіне ерекше мән берілді. Әрбір цехта қолданылатын ет өнімдерінің шығу тегі, тасымалдау, сақтау және өңдеу сатылары мұқият зерттелді.

Сондай-ақ қызметкерлердің халал стандарттары бойынша білімі мен құжаттамалық рәсімдердің жүргізілу тәртібі де бақылаудан өтті. Барлық тексерілген шұжық цехтары «QMDB Halal» стандартының негізгі талаптарына сәйкес деп танылып, өз сертификаттарының жарамдылығын растады.

«Бұл жұмыстар Жамбыл облысындағы халал индустриясының дамуына және тұтынушылардың адал, сенімді өнім тұтынуына үлес қосатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да бақылау-қадағалау шаралары тұрақты түрде жалғасын табады», – дейді жергілікті маманымыз.

Поделиться: