X
Меню
X

«ФЕРМАГ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

«ФЕРМАГ»  КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Print Friendly, PDF & Email

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Фермаг» кәсіпорнының шұжық және жартылай мұздатылған дайын өнімдері мен ет өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Сертификттау жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Еркетаң Айдынқызы, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы жүргізді.

«Фермаг» мекемесінің қала аумағындағы 9 дүкені мен өндіріс орны  «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкестендірілді.

Сертификаттау барысында «Фермаг» кәсіпорнының өндіріс барысында қолданатын тағамдық қоспалары мен өнімдері зертханаға жіберіліп, рұқсат етілмеген қоспалардың жоқтығы анықталды. Кейінгі кезекте, қолданылатын барлық шикізат көздері «Халал Дамудың» технолог мамандары  бекітікен өнімдерге ауыстырылды.

Стандарт бойынша сәйкестендіру жұмысы толықтай аяқталғаннан кейін, мамандардың қатысуымен жүргізілген соңғы тексеріс нәтижесінен соң, Айбек Асқарбекұлы «Фермаг» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

А.Асқарбекұлы елімізде ет өнімімен айналысатын мекемелер санының көбеюі көз қуантарлығын, алайда, күллі мұсылман қауымы мен халалдың тұтынушылары үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін жеткізді. Өз кезегінде, «Халал Даму» мамандары ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұратындығын ескертті.

«Халал Дамудың» баспасөз қызметі

рет оқылған