X
Меню
X

“As-fast” фаст-фуд өнімдері сертификатталды

“As-fast” фаст-фуд өнімдері сертификатталды
Print Friendly, PDF & Email

Алматы облысы, Талғар ауданы тағы бір «ҚМДБ халал» стандартына сай фаст-фуд өнімдерімен толықты. 

      Жергілікті фаст-фуд кәсіпорнын сертификаттау барысында жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбіл мен технолог мамандар бірлесе қызмет атқарды.

      Жұмыс қорытындысы бойынша, «Аида» жеке кәсіпкерлігінің өндірісте қолданатын шикізат көздері, тағамдық қоспалары және фаст-фуд өнімдерін өндіру,  сақтау, тасымалдау, сату барысындағы қызметі толықтай халал стандарт талаптарына сай екендігі анықталды.

       Барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін Жұмабеков Жанәбіл «Аида» кәсіпорнының басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

       «Аида» жеке кәсіпкерлігінің фаст-фуд өнімдері сіздерді мына мекен-жайда күтеді: Алматы облысы, Талғар ауданы, Лермонтов көшесі, 557 ғимарат.

“Халал Дамудың” баспасөз қызметі

рет оқылған