X
Меню
X

«QAZAQ MEAT» ет өнімдері сертификатталды

«QAZAQ MEAT» ет өнімдері сертификатталды
Print Friendly, PDF & Email

Нұр-сұлтан қаласы тұрғындарына мұздатылған ет өнімдерін ұсынатын «QAZAQ MEAT» ет дүкені «ҚМДБ халал» стандартына сай сертификатталды.

Кәсіпорынды сертификаттау барысында қасапшыларға шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал бауыздау, ет өңдеу ережелері түсіндіріліп, арнайы оқу-семинар өткізді.

 «Халал Дамудың» технолог және ветеринар мамандарының бірлесе жүргізген бақылау-қадағалау жұмыстарынан кейін, «QAZAQ MEAT»ет дүкеніне «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай екендігін растайтын «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Бүгін, «Халал Дамудың» директоры А.Аташев «QAZAQ MEAT» мекемесінің басшылығына сертификатты табыстай отырып, халал  нарығын дамытуда бірлесе қызмет етуге шақырып, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратындығын жеткізді.

“Халал Дамудың” баспасөз қызметі

рет оқылған