X
Меню
X

ХАЛАЛ ДАМУ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ХАЛАЛ ДАМУ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
Print Friendly, PDF & Email

Қасиетті Құрбан айт мейрамына орай «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандарының және жергілікті инспекциялық бақылаушылардың қатысуымен «Қасапшылық – сауапты,  hәм жауапты іс» тақырыбында онлайн-семинар өтті.⠀

Қазіргі таңда Республика бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болған 39 қасапхана мен 389 қасапшы қызмет атқарады.⠀

«Халал Даму» директоры Айбек Аташевтің жетекшілігімен «Zoom» платформасында өткен семинарға 19 өңірлік жауапты өкілдер мен қасапшылар қатысты.⠀

Семинарда Құрбан айт мезгілінде құрбан шалу рәсімінің шариғат әдептеріне сай орындалудың маңыздылығы мен талаптары, басты қағидалары мен ережелері түсіндірілді.⠀Мал союда сақталуы тиіс негізгі талаптар:

  1. Пышақты малға көрсетпей қайрау;
  2. Малды сол жамбасымен жатқызып, кеудесімен құбылаға қарату;
  3. Құрбан шалуға ниет ету;
  4. «Бисмиллә, Аллаhу Акбар» деп айту;
  5. Малдың өңеш, кеңірдек және екі жағындағы екі тамырын кесу;
  6. Малдың қаны толық ағып болғанша және жаны шыққанша күту.

Семинар соңында, Айбек Асқарбекұлы қасапшылардың сұрақтарына жауап беріп,  Құрбан айт мейрамында қасапшылар жұмысының аса маңызды екендігін жеткізіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.⠀

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемологиялық ахуалға байланысты, ҚМДБ-ның QURBAN2020.KZ сайты іске қосылған болатын. Сайт арқылы құрбан малына тапсырыс беріп, құрбандық рәсімін өткізе аласыз.

“Халал Дамудың” баспасөз қызметі

рет оқылған