X

Аягөзде Халал асхана ашылды

Аягөзде Халал асхана ашылды
Print Friendly, PDF & Email

Семей өңірі Аягөз қаласында орналасқан «Бәйтерек» қоғамдық ас орны ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды. Аталмыш асхана мәзірі сарапшы және технолог мамандардың сараптауынан зерттеліп, сертификат беруге лайықты деп танылды. Айта кетсек, Аягөз қаласы бойынша «Бәйтерек» асханасы  тұңғыш рет тізімге еніп отыр.

Кәсіпкерді қасиетті жұма күні мешіт жамағатының алдында ерекше атап өтіп, ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның арнайы сертификатымен марапаттады.

Сертификат алуға мұрындық болған Аягөз қаласының бас имамы Думан Сайфуллин бауырымызды атап өтуге болады.  Алдағы уақытта осы асхананың бақылаушысы ретінде Аягөз қаласының имамы бекітіліп отыр.

ҚМДБ қажылық және халал стандарттау бөлімі

рет оқылған