X

ХАЛАЛ ДӘМХАНАЛАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ (ФОТО+ВИДЕО)

ХАЛАЛ ДӘМХАНАЛАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ (ФОТО+ВИДЕО)
Print Friendly, PDF & Email

Бүгінде халал өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Тұрғындар да табиғи таза өнімдерді тұтынуға тырысады. Бірақ, ондай өнімдерді қалай ажыратуға болады? — деген сауал ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

Соңғы жылдары еліміздің Мүфтияты бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында арнайы халал стандарты бөлімін құрған еді. Осы бөлімнің Ақмола облысында жауапты өкілі тағайындалып, бұл бағытта қыруар жұмыстар қолға алынған-ды. Осының нәтижесінде қазіргі күнге дейін бірнеше мекемеге халал стандарттары сертификаттары табыс етілді.

Жуырда облыстағы осы жұмыстарға жауап беретін өкіл Науан Мүтәлұлы тағы екі дәмханаға осындай құжаттарды тапсырды. Олардың қатарында “Фирдаус” және “Урумчи” қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасатын болады. Ең бастысы, адамдардың табиғи таза, шариғи адал өнімді тұтынуға деген қажеттілігі арта беретін болады.

 

рет оқылған