X
Меню
X

Сарапшы-технолог семинар-тренинг өткізді

Сарапшы-технолог семинар-тренинг өткізді
Print Friendly, PDF & Email

Үстіміздегі жылдың 31-ші мамыр күні қасиетті рамазан айының құрметіне ЖаңаАрқа өлкесінің «Халық» мешітінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сарапшы-технолог маманы Бақытқызы Арайгүлді арнайы шақыртумен «Күмәнді қоспаларды қалай анықтаймыз?!» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Бір жарым сағатқа созылған семинар барысында күмәнді қоспалардың түрлері мен олардың қолдану аясы жайлы кең түсіндіріліп, арты сұрақ-жауапқа ұласты. Семинар соңында маманымызға ЖаңаАрқа жұртшылығының атынан ризашылық білдіріліп, алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аталмыш бағыттағы семинарлардың жиі ұйымдастырып тұруға, серіктесе жұмыстар атқаруға ниет білдірілді.

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

рет оқылған