X
Меню
X

СМАЙЛ СЕЙТБЕКОВ МӘСКЕУДЕ

СМАЙЛ СЕЙТБЕКОВ МӘСКЕУДЕ
Print Friendly, PDF & Email

Мәскеу қаласында өткізілген 27 халықаралық «ПРОД ЭКСПО 2020» -ға арнайы шақырту алған ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков көрменің ашылу салтанатына қатысты.

Халықаралық халал өнімдер көрмесі ақпан айының 10-14 аралығында  Ресей Мүфтилер Кеңесінің жанындағы халықаралық «Халал» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен өтті.

 Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген РФ МДБ және Ресей Мүфтилер Кеңесінің бірінші орынбасары Р.Аббясов бүгінгі таңдағы халалдың маңыздылығы, мемлекет тарапынан халал индустриясын дамыту мен жетілдіруде көптеген көмек көрсетіліп жатқандығын атап өтті.

Халықаралық көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінен тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеу, орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстыру мақсатында арнайы шақырылған делегаттар қатысты.

Жиын соңында әр елден келген делегаттар «Халал» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болған мекемелердің өнімдерімен танысты.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған