X
Меню
X

ХАЛАЛДЫҢ ӨКІЛІ “Х-ы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАЛАЛ КОНГРЕССТЕ”

ХАЛАЛДЫҢ ӨКІЛІ “Х-ы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАЛАЛ КОНГРЕССТЕ”
Print Friendly, PDF & Email

Мәскеу қаласында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған 27-і халықаралық «PROD EXPO» көрмесі аясында «Х халықаралық халал конгрессі» өтті.

Аталған іс-шараға арнайы шақырту алған ҚМДБ халал өнімдерін  стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков «Қазақстандағы халал индустриясы» тақырыбында баяндама оқыды.

 Сонымен қатар, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елінің халал стандарттау және сертификаттау саласының мамандары да  қатысып, өз елдеріндегі халал саласында атқарылған шаралар, жетістіктері мен тәжірибелер жөнінде біраз құнды ақпараттарымен бөлісіп, мәлімдеме жасады.

Конгресс соңында Еуразиялық Халал Одағының төрағасы, Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау орталығының  бас директоры А.Газизов, РФ МДБ және Ресей Мүфтилер Кеңесінің бірінші орынбасары Р.Аббясов,  РФ Ауғанстан елшісі Латиф Баханд жиында сөз сөйлеген спикерлер мен «PROD EXPO» көрмесіне қатысқан ең үздік «Халал өнім» байқауының жеңімпаздарын мадақтап, арнайы сертификат пен алғыс хат табыстады.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған