X
Меню
X

ӨСКЕМЕН: «ҰЛАН ЕТ КОНСЕРВІ» СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

ӨСКЕМЕН: «ҰЛАН ЕТ КОНСЕРВІ» СЕРТИФИКАТ АЛДЫ
Print Friendly, PDF & Email

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өндірілетін отандық «Ұлан ет консервілері» ҚМДБ халал сертификатына ие болды.

«Халал Даму» ЖШС-ң Өскемен қаласы бойынша жауапты өкіл Үмбет Досжан «Ұлан ет консервілері» ЖШС-на және кәсіпорынның қасапшысына «ҚМДБ халал» сертификатын, қасапшы куәлігін табыстады.

Кәсіпорынның Бұқтырылған сиыр еті (Говядина тушеная «халал»), «Сиыр етімен күріш ботқасы(Каша рисовая с говядиной «Халал»), Сиыр етімен арпа ботқасы(Каша перловая с говядиной «Халал»), Сиыр етімен қарақұмық ботқасы (Каша гречневая с говядиной «Халал»), Ет қосылған бұршақ (Горох с мясом) атты 5 түрлі өніміне «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.

150 адам жұмыс істейтін комбинат тәулігіне 60 тонна етті өңдеуге қауқарлы. Консервілердің жұқа  қалбырлары Қарағанды облысынан жеткізіледі.

Қазақстандық халал өнімге елімізде де,  ТМД елдерінде де сұраныс жоғары.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған