X
Меню
X

НҰР-СҰЛТАН: КӘСІПОРЫНДАРДА АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

НҰР-СҰЛТАН: КӘСІПОРЫНДАРДА АҚПАН АЙЫНЫҢ ТЕКСЕРІСІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Print Friendly, PDF & Email

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің технологтары Еркетаң Мақсұтова мен Арайгүл Бақытқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы сертификаттаудан өткен бірқатар мекемелерде ақпан айының айлық тексерісін жүргізді.

Әр ай сайын өткізіліп тұратын тұрақты бақылау-қадағалау барысында фаст-фуд өнімдерін өндіретін «Mister Food» мекемесі, «Bravo» сауда белгісімен танылған «Bakery Master» ЖШС, «Mammas’ pizza» дәмханасы, «Сарқыт» сауда белгісімен шұжық өнімдерін өндіретін «Адал Астық НС» тексерістен өтті.

Сонымен қатар, сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты, қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізген «Дәмді» асханасына «ҚМДБ халал» сертификаты қайта табысталды.

Айлық бақылау-қадағалау жұмыстары кезінде кәсіпорындарында «ҚМДБ халал» стандарты талаптарының сақталуы, шариғатқа сай өнім өндіруі басты назарға алынды.

Жоғарыда аталған барлық мекемелерде жүргізілген тексеріс жұмыстары қорытындысы оң нәтижені көрсетті.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған