X
Меню
X

ТАЛДЫҚОРҒАН: БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН: БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Print Friendly, PDF & Email

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Талдықорған қаласы бойынша жауапты өкілі Аман Медетбеков бөдене жұмыртқасы өндірісімен айналысатын «Кривита» ЖК басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Тауық жұмыртқасынан бес есе кіші, алайда пайдасы жағынан бес есе артық бөдене жұмыртқаларын халал стандарт бойынша сертификаттауда қойылған басты талап – құс жемінің шариғат бойынша рұқсат етілмеген қоспалар мен өнімдерден таза болуы.

Облыстық өкіл мен технологтардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде «Кривита» кәсіпорны бөдене жұмыртқаларының стандарт талаптарына толықтай сәйкес келетіндігі анықталды.

Амин-қышқылдар, бета-каротин, А, В, РР тобындағы витаминдерге, кальций, магний, темір, фосфор секілді минералды заттарға бай «Кривита» мекемесінің бөдене жұмыртқаларын Талдықорған қаласы, О.Кошевого көшесі 8, 1 үй мекен-жайынан ала аласыздар!

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған