X
Menu
X

Халал сертификаттау не үшін қажет?

Print Friendly, PDF & Email
  • Әлемнің 112 еліндегі 1,9 миллиардтан аса мұсылман тұтынушылардың халал нарығындағы тұтыну құны бірнеше триллион АҚШ долларына құрайды.
  • Күн өткен сайын халал өнімге сұраныс артуда.
  • Мұсылмандардың Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Африка, Оңтүстік Азия, Қытай, ТМД елдерінде көптеп қоныстануы азық-түлік нарығы үшін жақсы табыс көзі болып тұр.
  • Бүгінгі таңда халал өнімдердің екі үлкен нарығы – Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия. Бұл аймақтардағы халал өнімді тұтынушылардың саны 400 миллионнан асады.
  • Мұсылмандар да мұсылман емес халық та халал өнімді тұтына алады.
  • Халал сертификат – өнімнің шариғат заңына сәйкес, адал, рұқсат етілгендігінің кепілі.
  • Халал сертификат – сіздің өніміңіздің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді.
  • Егер сіз өніміңізді мұсылман халқы бар елге экспорттайтын болсаңыз, халал сертификат – импорттаушы елдің басты талабы болмақ.

  • Халал сертификаттаудың негізгі мақсаты – халықаралық мұсылман қауымына дін нормаларын сақтауда қызмет ету.
  • Халал концепсиясы мұсылманның күнделікті өмірінде қолданылатын тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын білдіреді.
  • Мұсылман тұтынушылары ислам заңнамасымен анықталған процедураға және рәсімге сәйкес келген өнімдерді таңдайды. Өнім өндірушілер қызмет көрсетуші тарап осы талаптарды білмегендіктен мұсылмандарға осы сегменттің қажеттігін ескермей жатады.

  • ҚМДБ Халал Даму ЖШС тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы осы алшақтықты біріктіріп, сертификаттау мен стандаттаудың бірыңғай жүйесін ұсынады.
  • Өнімдердің және өндіріс процессінің тазалығы.
  • Пайдалы және қауіпсіз өнімдерді ұсына отырып адам денсаулығының қауіпсіздігін сақтау.
  • Жануарларға қатігездік танытпай, қоршаған ортаға зиян тигізбей, шариғатқа сай емес бизнес әдістерінен аулақ бола отырып, этикалық өмір үлгісін ұсыну.
  • Басқаша айтқанда, халал дегеніміз- адамның рухани және физикалық тазалығына пайдасын тигізетін өмір сүру үлгісі.
  • Халал бұл барлығы үшін. Сіз мұсылмансыз ба, мұсылман емессіз бе маңызды емес. Халал бұл – өнімнің сапасы мен тазалығы және қауіпсіздігіне кепілдік беретін соңғы таңбасы.