Біздің миссиямыз:
- Мұсылман қауымы мен халал өндірісінде тағамдардың қадағалануын жеңілдету, халал кепілдігінің тәжірибеден өткен, сенімді жүйесін құру.
- Еуропада мойындалған, бәсекеге қабілетті, құзіретті сертификаттау ұйымы болу.
- Халал саласының жоғары дәрежелі кәсіби білікті, тәжірибелі маманы ретінде тұтынушылар мен өндірушілерге кеңес беру және қызмет көрсете алу.
- Халықаралық халал индустриясының бар ресурстарын пайдалану және іздену, халалдың даму сатысында ғылыми-зерттеу және инновациялық жүйесі мен жобаларының бір бөлшегі болу.
Біздің құндылықтар:
- ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС әрдайым адалдықты, айқындылықты, ашықтықты, мұқияттылықты көрсететін саясатты қолдайды.
- Қоғамның дамуы үшін мамандардың ең жақсы білімін пайдалануы, ұжымның бірлесе жұмыс атқарауы нәтежиесінде ең жақсы жетістіктерге жететініне сенеді.
- Халалға байланасты барлық сұрақтар бойынша мүдделі тараптармен тығыз қарым-қатынас жасауға, халал саласында туындаған барлық мәселелерге араласуға тырысады.
- Халықаралық халал саудасының кеңеюін және әлемнің басқа бөліктерінде сертификаттау жұмыстарын жүргізуге ұмтылады.
- Қызметкерлер білімін жоғарылату, арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту және дамыту бағдарламаларын жүргізіп отырады.
- Тұтынушылардың, өндірушілердің, кәсіпорындардың, бәсекелестердің арасында кемсітушілікке, бейресми мінез-құлыққа немесе бейтараптыққа, өнім сапасын нашарлатуға жол бермейді.
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС сертификатының пайдасы:
- ҚМДБ-ның халал стандартына сәйкес өнімдерді, қоспаларды дайындау және өңдеу барысында гигиена мен санитарлық тазалықтың сақталуына қатаң қарауы;
- Тексеріс жүргізудегі білікті мамандар тәжірибесі;
- Халал өнім өндіру барысында әрдайым жаңартылып отыратын шет елдік стандарттау ұйымдарында да адам денсаулығына қауіпсіз деп танылған жаңа ингредиенттерді ұсыну;
- Сертификаттаудан өткен мекеме қызметкерлеріне ҚМДБ «Халал Даму» бөлімі мамандарының оқу-семинар, түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын тегін, тұрақты түрде жүргізіп тұруы;
- Өндірушіге жаңа өнімдерді шығару, өнімді дамыту, маркетинг және сапаны қамтамасыз ету бойынша және халал саласына қатысты кез-келген мәселеде көмектесу, кеңес беру;
- ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС сертификаты Қазақстандағы және алыс-жақын шет елдегі белді құжат болып табылады;
- ҚМДБ-ның халал таңбасы өнімнің адал екендігіне кепілдік береді;
- Сертификат алған кәсіпорындар тізімі halaldamu.kz сайтында және ұйымның әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Халал сертификатты беруден бас тарту:
ҚМДБ «Халал ДАМУ» ЖШС-ы өндірішілердің халал стандартқа сәйкестігін анықтайтын халал сертификатты табыстаудан мынандай жағдайларда бас тартады:
- Өндіруші тарап халал стандарттың және шариғат заңдарына сәйкес талаптар мен қағидаларды сақтамаса;
- Халал сертификаттау келісімшартында көрсетілген талаптарды орындамаса.
Халал сертификаттың күшін жою, тоқтату
Халал сертификат мына жағдайда күшін жояды:
- Өндіруші халал сертификаттың талаптарына сәйкес жұмыс атқарудан бас тартса;
- Өндіруші эксперт-технолог және бақылаущы-инспекторлардың тексеріс жүргізуіне қарсы болса;
- Сертификат мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жаңартудан бас тартса;
- Өндіруші халал сертификаттың тоқтатылуына өтініш білдірсе.
Халал сертификатты жаңарту, сақтау, ұзарту тәртібі:
- Халал сертификатты сақтап қалу үшін өндіруші тарап стандарт талаптарын орындалуын қадағалауы қажет;
- ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС мамандарының кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұруына кедергі жасамау;
- Сертификат алған өнімдер санын көбейткісі келген жағдайда, Халал Даму мамандарына ұсыныс тастау;
- Сертификат мерзімі аяқталған жағдайда, сертификат жаңартуға ұсыныс беру.