X
Меню
X

Сүт сарысуы халал ма?

Сүт сарысуы халал ма?
Print Friendly, PDF & Email

Сүт сарысуы дегеніміз- ірімшік, сүзбе өндірісінен қалған қосалқы өнім.

Яғни, ірімшік немесе сүзбені ұйытып болған соң, одан сұйықтық бөлінеді. Сол сұйықтық сүт сарысуы деп аталады.

Қазіргі таңда сүт сарысуының кондитерлік өндірісте (карамель, ирис, шоколад, кәмпит т.б) кең қолданылуының мақсаты – кәмпит рецептіне қосылатын қант пен май мөлшерін азайту болып табылады.

Сондай-ақ, кәмпит, халва өнімдеріндегі майдың ағып кетуін төмендетеді және кәмпит өнімдерінің дәмдік қасиеттерін жақсартады.

Яғни сүт сарысуының төмен калориялы, жоғары биологиялық құнды өнім алуда маңызы зор.

Сүт сарысуын ірімшік, сүзбе, сүт өндірісінен өндіреді.

Сиырдың сүтінен қалған сарысуға рұқсат етіледі.

Тек ірімшіктен алынған сарысу күмәнді. Себебі, ірімшіктер жануар текті ұлтабарлы (сычужды) ферменттердің қолданылуымен, ұйытылып өндіріледі.

Бұл ферменттердің де күмәнді екендігі белгілі нәрсе. Сондықтан да, ірімшіктен шыққан сүт сарысуының да халал болуы екі талай.

Міне сондықтан да ірімшікті сүт сарысуына күмәнмен қарауымыздың себебі осында жатыр.

Сүт сарысуы КҮМӘНДІ болғандықтан, мұндай қоспасы бар өнімдерді қолданбаған дұрыс.

“Халал Дамудың” бас технологы
Айжан Омарова

рет оқылған