X
Меню
X

“FLINT-тің” салы дәмімен кириешкилері жайында (ФОТО)

“FLINT-тің” салы дәмімен кириешкилері жайында (ФОТО)
Print Friendly, PDF & Email

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған кәсіпорындардың бірі – «Flint» сауда белгісімен танылған қытырлақ нан (кириешки) өнімдері.

Тұтынушылар тарапынан келген фотодеректер мен шағымдар негізінде «Flint» қытырлақ нанының «салы дәмімен» (со вкусом салями) түрінде «ҚМДБ халал» таңбасы бары анықталды.

Екіжақты келісімшарт бойынша өнім өндіруші кәсіпорын қандай да бір жаңа өнім түрін өндіріске енгізерде халал бөлімінің технологтарымен  мақұлданған, шариғат талаптарына сай, рұқсат етілген өнім өндіру міндеттеліп және де доңыз дене мүшесі атаумен өнімге ат бермеу талап етіледі.

«Flint» кәсіпорын басшылығына келісімшарт талаптарын сақтамағандығы және рұқсатсыз, ескертусіз доңыз дене мүшесімен аталынатын жаңа өнім түрін өндіріске енгізгені жөнінде ескерту хаты жолданды. Сонымен қатар, «Flint» қытырлақ нанының «салы дәмімен» түрінен «ҚМДБ Халал» таңбасын алып тастау талап етілді.

 «Flint» қытырлақ нан өнімдерін «Каз Снек Сауда» ЖШС шығарады. Аталмыш мекеме өндіретін өнімдеріне қосылатын тағамдық қоспаларды Ресейлік халал сертификаты бар «ВМ ПРО» ЖШС-нан тасымалдайды. Тағамдық қоспаларды өндіру және сатумен айналысатын «ВМ ПРО» ЖШС-на халал сертификатты Мәскеудегі Ресей мұсылмандарының рухани ассамблеясы мен Орталық аймақтың мүфтиі Алтьбаир Краганов және «Халал Орталық бақылау» ЖШС-ң директоры Япукпов Рамис Хамитұлы берген. Халал сертификаты берілген қоспалар тізімінде 2105-ші реттік нөмерде «Спайсер Салями Комби 600274» деп көрсетілген.

«Каз Снек Сауда» ЖШС, яғни «Flint» басшылығы Ресейлік халал сертификат бойынша ҚМДБ «Халал Дамудың» рұқсатынсыз жаңадан қосылған қытырлақ нан түріне «Спайсер Салями Комби 600274» тағамдық қоспасын «салы дәмімен» деп қолданған.

ҚМДБ «Халал Дамудың» келісімінсіз, рұқсатынсыз бұлай жасауға болмайтыны ескертіліп, өнімнен «ҚМДБ Халал» таңбасын алып тастау талап етілді.

Ескерту талабы орындалмаған жағдайда, келісім шарт тоқтатылып, сертификат кері алынатын болады.

Тұтынушылар назарына «Flint» қытырлақ нан өнімдерінің тек төмендегі түрлеріне ғана сертификат берілгенін хабарлаймыз:

1.Сухарики пшенично-ржаные ТМ«Flint» со вкусом: Сметана с зеленью, Краб, Сыр, Красная икра, Шашлык, Мясо на углях, Сосиски на гриле, Крылышки барбекю, Охотничьи колбаски, Итальянская пицца, Американский бургер;
1.1Гренки ржаные ТМ «Flint» со вкусом: Телятина с аджикой, Баварские колбаски, Томат «spicy»;
2.Чипсы картофельные пластинки ТМ «HROOM» со вкусом: Сметана с зеленью, Сыр, Краб, Шашлык, Телятина с аджикой, Мясо на углях,
3.Семена подсолнечника жареные с солью и без ТМ: «Казахстанские №1»;
4.Ядра подсолнечника жареные с солью и без ТМ «Казахстанские №1»;
5.Фисташки жареные соленые ТМ «Big Bob», ТМ «Jet»;
6.Арахис жареный соленый и со вкусами: Курица, Стейк, Сыр;
6.1Арахис жареный соленый в хрустящей оболочке со вкусами: Перец чили, Васаби, Телятина с аджикой

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған