X
Меню
X

Алматы қ.: “Тағам” асханасы ауызашар таратты

Алматы қ.: “Тағам” асханасы ауызашар таратты
Print Friendly, PDF & Email

ҚМДБ халал стандарты бойынша қызмет көрсететін «Тағам» асханалар желісі 40 адамға ауызашар таратты.

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратханның ұйымдастыруымен өткен игі шара көпшіліктің көңілін қуантып, ауызы берік жандар ризашылықтарын білдірді.

Ауызашар қорабына: су,құрма, нан, бауырсақ, салат, ыстық тамақ секілді негізгі тағамдар енгізілді.

«Сауабы мен берексі еселенетін бұл айда «Халал Дамудан» сертификатталған өңірдегі өзге де мекемелер игі шараны жалғастырамыз деп қолдау көрсетуде,»- деді Алматы қаласының өкілі М.Чадаев.

“Халал Дамудың”
баспасөз қызметі

рет оқылған